Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Елордада тағы бір көше жабылады
984
оқылды

Астанадағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ш.Уәлиханов көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталды. Осыған байланысты 25-28 маусым аралығында Абай даңғылынан  Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.