Оқиға Қарағандыда болған.
Бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген ер адам суицидке оқталды
1,900
оқылды

Тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

25 маусым күні сағат 21.30-да ер адам Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған оны сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полицияға тапсырды. Полицейлер 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғады. 

Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған.

Фото: 9111.ru