Үкімет қаулысы жарияланды.
Шолпан Каринова қызметінен босатылды
2,359
оқылды

Шолпан Таңатқызы Каринова өз өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады.

1998-2003 жылдары білім беру ұйымдарында оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.

2004-2005 жылдары – СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2012 жылдары СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде; Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде; Петропавл қаласы, СҚО Білім басқармасында басшылық қызмет атқарды.

2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары – Петропавл қаласы, СҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

2017-2018 жылдары – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР Білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып қызмет атқарды.