Үйірін барымташылардан қорғаған айғырға кемінде үш оқ тиген.
Алматы облысында айғырды атып, бір үйір жылқыны ұрлап кеткен
1,189
оқылды

Алматы облысында айғырды атып, бір үйір жылқыны ұрлап кеткендер табылмай жатыр.

Қаскөйлер үйірдің айғыры өлгенше оқ жаудырған. Аталған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Ал барымташылар әлі табылған жоқ.

Жылқының иесі ұрланған малынан хабар берген адамдарға 5 миллион теңге сыйақы табыстайтынын хабарлаған.

«Талғар ауданы ПБ кезекші бөліміне азаматтың жазбаша өтінішпен жүгінгенін хабарлаймыз. 1994 жылы туған азамат Талғар ауданында орналасқан жайылымнан 43 бас жылқы ұрлау фактісі бойынша арызданды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Талғар ауданы ПБ қызметкерлері жедел-тергеу тобын құрды. Жергілікті жерлерде фактіні тергеудің жан-жақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілмек. Ал үйірін барымташылардан қорғаған айғырға кемінде үш оқ тиген.