Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ
Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
1,142
оқылды

Құлжа тас жолында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-шақырымында болған.

«54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.