Елімізде жылдамдықты арт­тырып немесе дұрыс бұры­лыс жасамай, жол-көлік апа­тына ұшырау азаяр емес. Мотоцикл тізгіндеген­дер де осы санға өз үлесін қосып жатыр.
Желік қуған жүргізушілер
399
оқылды

Алдағы уақытта Қазақстанда ви­део­талдау жүйесі енгізіліп, жыл­дамдық асырған жүргізуші туралы мәлімет бірден поли­цияның план­шетіне жіберіледі. Бұл туралы Ци­фр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтқан болатын. Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі көшелерге 100 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. Бейне­талдау жүйесі жылдам­дық асыр­ғанды жақсы көретін жүргізуші­лермен күресуге мүмкіндік бе­реді. Жол полиция­ларына беріл­ген қарапайым план­шет превен­тивті талдау, превентивті жұмыс құралына айналуға тиіс. Жүр­гізуші 10 камера тұсынан саға­тына 200 шақырыммен өтіп, айып­пұл төлеген соң жөніне кете беретін жайттар жиі тіркеледі. Мұндай жағ­дайды болдырмас үшін не істеу ке­рек? Жүргізуші 3-4 камера тұсынан өте жоғары жылдамдықпен өтсе, он­да сол жерде тұрған жасақтан ақ­парат бірден планшетке түсуге тиіс. Бұл апатты азайтудың бір­ден-бір жолы болуы мүмкін.
Жол тәртібі – өмір тәртібі десек те болады. 12 маусымда «Қарағанды – Теміртау» тас­жолында екі жеңіл көлік соқты­ғысып, оқиға орнында екі адам қаза тапты. Одан бөлек, үш адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Облыстық Полиция департаментінің мәлі­метін­ше, оқиға таңертеңгі сағат 11.00 шама­сында болған. Audi көлі­гін тізгіндеген 57 жастағы жүргізуші маневр кезінде қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ – 2114 авто­көлігімен соқтығысқан.  Жол-көлік оқи­ғасы фактісі полицияда тіркеліп, қажетті сараптамалар тағайын­далды. Қорытындысы бойынша процес­суалдық шешім қабыл­данатын болады.
Осыған ұқсас жағдай 4 мау­сым күні болған еді. Бұл жолы Қарағанды қаласындағы Тәттім­бет пен Б.Мо­мыш­ұлы көшелері­нің қиылы­сында Chevrolet Cobalt көлігінің 23 жастағы жүргізушісі солға бұрылып келе жа­тып қоз­ғалыс қауіпсіздігіне көз жеткіз­бей, Toyota Camry көлігімен соқ­тығыс­қан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігі­нің екі жолаушысы әртүрлі дәреже­дегі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Сол күні Осакаровкада да бір адамды жалмаған оқиға болды. Бұл ауылда мотоциклді жүргізу­шілер де қауіпті болып тұр. Олар­дың арасында да көз жұмғандар саны артқан. Жергілікті Полиция қызметі басқармасы мотоциклі бар азаматтармен кездесіп, олар­дың иелігіндегі көлік құралдары­ның құжаттары бар-жо­ғын тексерді. Сонымен қатар тәртіп сақ­шылары мотоцикл иелеріне жол-жүру ере­желерін сақтау бойынша да түсін­діру жұмысын жүргізді. Десе де, мотоцикл жүргізушілер тарапынан бүгінде құқық­бұзушы­лыққа жол беру жағдай­лары жиі кездеседі. Мәселен, 13 мамырда сағат 22.00 шамасында Қарағанды облысы Құлайғыр ауылының маңын­да Абай аудан­дық Полиция бас­қар­масы пат­руль­дік полиция взво­ды­ның қызметкерлері мем­ле­кеттік тір­кеу нөмірі жоқ мо­тоциклді тоқ­тат­қан. 29 жастағы жүргізуші көлігіне мемлекеттік нөмір тақ­па­ғанына қарамастан, мотоцикл құра­лын ішімдік ішкен күйде басқарған.
Соттың шешімімен ол 15 тәу­лік­ке әкімшілік қамауға алынып
7 жыл­ға жүргізуші құқығынан айырылды.  Шахтинск қаласында 13 мамыр күні сағат 15.00 шама­сында 16 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйлердің ауласында ИЖ Юпитер 3 мотоциклін басқару кезінде жол қауіпсіздік ережелерін ескермей, 3 жастағы баланы қағып кетті. Сал­дары­нан жәбірленуші ауруханаға жет­кізілді. Сол күні сағат 23.00 шама­сында Есенгелді – Қарағанды тасжолында Honda мотоциклінің 35 жастағы жүргізушісі 30 жас­тағы ВАЗ-21014 автокөлігінің жүр­гізушісімен соқтығысты. Жол-көлік оқиға­сы­ның салдары­нан мотоцикл жүргізу­шісі оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жа­тыр. Қарағанды облысының Поли­ция департаменті мотоцикл жүргізуші­лерін жол жүру ереже­лерін қатаң сақтап, сақтандыру киімдерін киіп жүруге шақырды.


Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,
Қарағанды облысы