Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 450, 36 теңге.
Доллар бағамы 0,28 теңгеге қымбаттады
1,125
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,28 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы   450, 36 теңге.

Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны  – 5,32 теңге.

 Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 449 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 452 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 449,5 теңге, сатып алу құны– 453,5 теңге.

Ресей рублі 5,27-5, 37 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Фото: aqmolanews.kz