Қанатбек Жабықбаевтың ерекшеліктерінің бірі, бойы – 178 сантиметр, қоңыр көзді, қысқа сұр шашты. Оң аяғының бас бармағы оңға қарай қисайған
Павлодарда 83 жастағы адам бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр
1,210
оқылды

Павлодарда 83 жастағы адам бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайты.

Туыстары 83 жастағы Қанатбек Жабықбаевтың «Металлург» бақшасында жоғалып кеткенін хабарлады. Олардың айтуынша, ол күнде саяжайға барады. Алайда 26 маусым күні сағат 18.00 шамасында ер адам телефонға жауап бермегендіктен, туыстары алаңдай бастаған.

«Туыстары саяжайға келгенде ол жерде ешкім болмады. Жоғалған адамның ұялы телефоны мен заттары сол жерде болған. Ол ваннаға сыпырғыш жасау үшін қайың өскен жерге баруы мүмкін деген болжам бар. Оны түннің бір уағына дейін туыстары мен полиция қызметкерлері іздеді», – дейді VITA отрядының еріктілері.

Таңертеңгі сағат алтыдан бастап еріктілер, полицейлер, жоғалған ер адамның туыстары мен достары іздеу жұмыстарын қайта бастады.

Қанатбек Жабықбаевтың ерекшеліктерінің бірі, бойы – 178 сантиметр, қоңыр көзді, қысқа сұр шашты. Оң аяғының бас бармағы оңға қарай қисайған.

Туыстарының болжамынша, қарт кісі көк түсті ұзын шорт, футболка, үш қызыл жолағы бар қара кроссовка киген.