Тексеруге облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары жұмылдырылды.
Кентаудағы дәмханалардың бірінде 58 адам астан уланып қалды
1,110
оқылды

Кентаудағы дәмханалардың бірінде тамақтан уланған 58 адам тіркелгені туралы хабарлады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

«Жаппай улану дерегі тіркелді. Қазір 58 адам шағымданған. Олардың барлығы «Ризық Раяна» тағамдарын алғанын айтып отыр. Жоспардан тыс тексеру басталып, нысанның қызметі уақытша тоқтатылды, қылмыстық іс қозғалды», - деді А. Есмағамбетова ҚазАқпарат сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, зертханаға тиісті сынамалар жеткізілген. Тексеруге облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары жұмылдырылды.

Түркістан облысының Кентау қаласында дәмханадағы астан адамдар уланғаны жайлы мәлімет 27 маусым күні тіркелген. Қалалық ауруханада 39 адам жатыр (14 жасқа дейінгі балалар саны – 21, ересектер – 18), қалған 19 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.