Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
1,492
оқылды

27 маусымда Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ қызметкерлері «Қарасора – 2023» ЖПІШ шеңберінде жедел ақпаратты іске асыру кезінде Тараз қаласының Махамбет батыр көшесіндегі зират маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған 3 полиэтилен қапшығын тапты. 

Қаптардан 10,25 мм калибрлі 3 оқ-дәрісі бар Сайга 410 өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы карабин, 16 мм калибрлі ИЖ КА бір ұңғылы аңшы мылтық, Жамбыл облысы ПД қоймасынан ұрланған 12 мм калибрлі Hatsan бір ұңғылы тегіс ұңғылы винчестер, сондай-ақ зауыт нөмірі жойылған 16 мм калибрлі ИЖ 17 бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылды. 

«Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлімі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.