Желіде маралдың мүйізінен қан алу сәтінің видеосы тарады. Тірідей мүйізінен айырылған марал дір-дір етеді. Ал қос мүйізінің орнынан атқылаған қанға екі адам стаканын тосып мәз. Бұл жайт қоғамның талқысына түсіп, кейбірі жануарға обал жасағандарды жазалауды сұрайды, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Желідегі қаны сорғалаған маралдың видеосына қатысты полиция түсінік берді
1,357
оқылды

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері "Жанат" шаруа қожалығында маралдарды ұстауға және олардың өнімдерін одан әрі сатуға рұқсат беру құжаттарының бар-жоғына тексеру жүргізгендерін жеткізді. 

"Катонқарағай ауданы ветеринария бөлімі берген өндіріс объектісінің есептік нөмірін сәйкес, шаруа қожалығында жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат бары анықталды. Олардың әрекеттерінен қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрам табылмады", – деп жазды ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Құзырлы ведомство көктем айларында маралдарда мүйіздерін тастау процесі жүретінін нақтылайды. Бұл – табиғи процесс. Сондықтан мүйіздерді табиғи жолмен түсіп қалмай тұрғанда кесіп алады. Кесу процесінің өзі бірнеше секундқа созылады. Содан кейін кесілген жер антисептикпен өңделеді, қажетті егу жасалады және келесі жылға дейін табынға жіберіледі.

Маралдың қаны – барлық дерлік органдар мен жүйелердің қызметіне әсер ететін әртүрлі биологиялық белсенді қосылыстарға бай. Өнімде ағзаның қалыпты жұмысына қажетті микроэлементтер – магний, темір, калий, натрий, мырыш бар. Құрамында пайдалы фосфолипидтер мен триглицеридтер, сондай-ақ аргинин және метионин аминқышқылдары бар.

"Марал мүйіздерінің құны – 3 мың доллар. Жаңа Зеландия, АҚШ және Қытайда миллиондаған марал өсірілетіндігіне қарамастан, емдік қасиеттері тек Алтай маралдарында ғана бар. Көптеген ғасырлар бойы, денсаулықты нығайту үшін осы жануардың қаны қолданылған", – делінген хабарламада.