Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Теміртау тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті
1,297
оқылды

Теміртау тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына 21 жастағы екі тұрғын арызданды. Олар белгісіз азаматтардың өздеріне шабуыл жасағанын айтты. Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы оларда бар бағалы заттарды тартып алып, оқиға орнынан іздерін жасырған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 47 мың теңгені құраған. Олар күдіктілердің жастары 20-25 жас аралығында екенін айтты.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 бен 22 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.