Әйел өз кінәсін мойындады
Ақмола облысында 4 миллион теңгенің алтынын ұрлаған әйел ұсталды
1,518
оқылды
Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын алтын бұйымдары ұрланғанын хабарлап, арызданған.

Аталған фактіге сәйкес полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі, яғни "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

"Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйымы мен 200 доллары ұрлағанын анықтады. Полиция барлық жергілікті ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерін тексерді. Нәтижесінде 35 жастағы әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады", – делінген полиция хабарламасында.