Еліміздегі қолда бар 187 млн гектар жайылым жердің бүгін­де тек 82 млн гектарға жуығы ғана жайылым жер ретінде пайда­ланылуда.
Жайылым жанайқайға айналды
951
оқылды

Шыны керек, бүгінде статистикалық есептердің басым бөлігі шын­дықтан алшақтап барады. Жыл сайынғы есеп жүргізу өткен жылғымен шамалас бағытта жүргізіле беретінін ешкім жоққа шығармайды.

Түркістан облысына қарасты ауыл әкімдері елді мекендерде сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсет­кіш­терді жақсарту мақсатында статис­тика­лық есептерге шаруа қожалықтарын­дағы мал бастарын әдейілеп қосып жазған. Бұл туралы Түркістан облыстық прокуратурасы мәлімдеді.

Осылайша, аудан әкімдері жайы­лым жерлерді басқару Жобасын түзу және бекіту барысында бұрмаланған есептерді қолданған.

Бүгінде аталған статистика про­курорлардың ықпалымен ретке кел­тіріліп, облыс бойынша нақты қажет­тілік 3 есеге, яғни 2,1 млн гектардан 652 мың гектарға дейін төмендепті.

Түркістан облысының прокура­турасы анықталған деректер бойынша «Қолжетімді жайылым» жобасының аясында 174 ауыл әкімін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы кодексінің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Одан бөлек, прокурорлық акті­лердің негізінде қала, аудан әкімдіктері­мен бұрын бекітілген осыған ұқсас жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізілуде.

Осы тектес кемшіліктердің алдын алу мақсатында Стратегиялық жоспар­лау және реформалар бойынша агент­тігіне, Ауыл шаруашылығы министр­лігіне және Цифрлық даму, инно­вациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интег­рациялау бойынша бірқатар ұсыныстар жолданған.

Сондай-ақ жуырда Мәжіліс депу­таттары жайылым жерлер туралы заң­намаға ауыл шаруашылығы кешен­дерінің құрамына жайылым жерлерді тендер өткізбей беруге тыйым салатын түзетуді бірінші оқылымда қабылда­ғанын атап өткен жөн.

Айта кетейік, еліміздегі қолда бар 187 млн гектар жайылым жердің бүгін­де тек 82 млн гектарға жуығы ғана жа-йылым жер ретінде пайда­ланылуда. Оның 61 млн гектары ауыл шаруа-шылығы мақсатында болса, 20 млн гектары – елді мекендердің жерлері.

Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының мәліметі бойынша, соның салдарынан Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ауыл тұрғын­дарының тығыздығы және сәйкесінше мал басының, әсіресе жеке шаруа­шылық­тағы мал санының жоғары бо­луына байланысты жайылым жер тап­шылығы қатты байқалуда.


Назгүл НАЗАРБЕК,
Түркістан облысы

фото:egemen.kz