Абайтанушы Омар Жәлел белсіз еркектер қоғамға ештеңе бере алмайтынын айтты. Бұл туралы ол Abay Live бағдарламасына берген сұхбатында сөз етті.
Омар Жәлелұлы қазақ қоғамы неге өспей жатқанын айтты
7,120
оқылды

"Өшетін елге сыбыс, өсетін елге секс кіреді деген сөзді Мәшһүр Жүсіп Көпеев жеткізген. Оны Мәшһүр атамыз өзі ойлап тапқан жоқ. Ол – қазақтың дүниетанымы. Тіршіліктің негізінде сексуалды энергия жатыр. Ал сыбыс сексуалды энергияны бұғаттап тастайды. Бел дегеніміз – сексуалды энергия. Белдің екі түрі болады, физикалық бел және рухани бел. Біздің қоғам белсіз, себебі біз қазақ қоғамын тудыра алмай отырмыз. Өйткені физикалық беліміз, яғни қуатымыз жоқ. Сюцай – қазақтың қуатын қайтаратын ілім. Қазақта белді жігіт деген сөз бар. Белді жігіт деген кім? Энергиясы бар жігіт. Бізде қазір бедеулік пен белсіздік өте жасарып кетті. Осыдан қоғам өспей жатыр. Сондықтан қазақты ғана емес, адамзатты өсіретін ол – сексуалды энергия. Сексуалды энергияға күлкімен қарап, оны жек көруге болмайды. Қазақ белден кеткенше елден кет дейді. Белден кетсең ешкім емессің, сен еркек ретінде қоғамға ештеңе бере алмайсың деген сөз. Барлық шығармашылықтың негізінде сексуалды энергия жатыр. Қазақтың отбасын асырайтын, елге тұлға болатын, қоғамға әсер ететін жігітті белді жігіт немесе белсенді жігіт деп атауы – осыдан", – дейді ол. 

Сондай-ақ ол мәжбүрліктен ойнастан бала тапқандарды Құдай кешіреді дейді. 

"Әйел қандай жолмен болсын өмірге бала әкелу керек. Құдай пұшпағы қанамаған әйелді қаламайды. Қазір әйелдер қоғамдық пікірден қорқады да, Құдайдан қорықпайды. Пайғамбарымыздың егер бір халық күнә жасамаса, мен ол халықты жойып, оның орнына күнә жасайтын және тәубесіне келетін халықты жаратам деген хадисі бар.  Өйткені күнәсі жоқ адамға Құдайдың рақметі жоқ. Жұрт не дейді деп ұрпақсыз өткеннен, күнә жасап Құдайдың алдында рақметіне ие болу перспективасы күтіп тұр. Күнә жасамай баласыз өткеннен, күнә жасап ойнаспен ұрпақ қалдырған 100%  артық. Егер адам тәубесіне келсе, ойнасты Құдай кешіреді", – деді Омар Жәлелұлы.