Журналист Гүлмира Әбіқай 120 адамды қажылыққа апарамын деп алдап кеткен Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы туралы, сондай-ақ қажылық туралы айтты.
Қажылықтың 20 күнінде Сауд Арабия Корольдігі 13 миллиард доллар табады – журналист
2,456
оқылды

Бұл туралы журналист Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қажылыққа апарамын деп алдап кетті деп 100-ден аса адам айыптаған фирма басшысы студияға келді.

Ол ҚМДБ (діни басқарманың) қажылық-қаржылық бөлімі пара сұрайды деп қойып қалды.

Ал  @muftyat__kz zamzam_qazaqstan қажылыққа апаруға лицензиясы жоқ деген еді. Еш рұқсаты жоқтығына қарамастан, “аңқау елге арамза молда” болған компания бұл жолы 300 млн  теңгеден  астам пайда түсірген.

Мен мүфтиятқа сендім, егер #зәмзәмқазақстан ақ болса, өздері жайлы алғашқы болып ақпарат таратқан мені блоктамас еді.

2 жыл бұрын 100 адамды, кеше ғана 120 адамды қажылыққа апарамын деп лақтырған турфирмаға қатысты тергеп-тексеру басталды.

Ең қызығын айтайын ба, қажылықтың 20 күнінде Сауд Арабия Корольдігі 13 млрд доллар  пайда табады", – деп жазды Гүлмира Әбіқай.