Тұрсынбаева желідегі парақшасына тұңғыш немересінің дүниеге келгенін сүйіншілей отырып, қалың қазаққа хабарлады. Өткен жылы Түркияда дүркіретіп той өткізген ақынның отбасында бүгін тағы той. Қуанышты жаңалыққа көпшілік ақ тілектерін ақтарды.
Айнұр Тұрсынбаева немересіне ерекше есім берді
54,752
оқылды

«Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беклан мен Мәдина бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды… Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4.25-те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік… Барлықтарыңызға жұғысты болсын, тілекшілерім», – деп жазды Тұрсынбаева.