Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Абай облысындағы орман өрті: күдіктілер анықталды
11,212
оқылды

Бас прокуратура Абай ауданындағы орман өртіне қатысты күдіктілерді анықтады. Тергеу барысында "Семей-Орманы" резерваты мен Жаңа Шүлбі филиалының басшылығы күдікті ретінде танылды.

2023 жылғы 1 шілдеде олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабы  3-бөлігі бойынша сараланған ("Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу").

"Олардың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, оларға «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда, өрттің барлық ықтимал нұсқалары пысықталуда, олардың арасында қасақана өртеу, табиғатта ақаулы техниканы пайдалану, найзағай разряды және басқалары да бар",– деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша, Төтенше жағдайлар және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне/әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетіні де нақтыланады.