Алматыда қоғамдық көлік жолаушылары арасында жанжал шығып, нәтижесінде бір адам пышақ жарақатын алды, - деп жазады ҚазАқпарат.
Алматы қаласы Полиция департаменті аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-тармағы бойынша қозғалып, Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеліп жатқанын мәлімдеді.
«Аталған қылмысқа қатысты 1991 және 1992 жылы туған екі күдікті ұсталды. Алдын ала белгілі болғандай, 26 жасар қала тұрғыны мен қоғамдық көлік жолаушылары арасында жанжал болып, нәтижесінде зардап шеккен азамат пышақ жарақатын алған. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлады ведомстводан.