Түнде атыраулықтар аспандағы ерекше құбылыстың куәсі болды

2 шілдеге қараған түні Атырауда ұзақ уақыт найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Табиғаттың ерекше құбылысының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Бейнежазбадағы көріністе найзағай алдымен түрлі-түсті траекторияда жарқылдап, тіпті бір тұста жан-жақты самаладай жарқ етіп жібереді.

Табиғатты болжай білген дала қазағының пайымынша, бұл көрініс алда аптап ыстықтың келе жатқанын білдіретін көрінеді.