Ақтөбе тұрғыны қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды аймақтағы Полиция департаменті.
Ақтөбе полициясы іздеуде жүрген қылмыскердің фотосын жариялады
1,117
оқылды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы  ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 1-бөлігінде (қарақшылық шабуыл) көзделген қылмысты жасағаны үшін 1990 жылы туған Зинур Гапурұлын іздестіріп жатыр.

"Іздеудегі адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, Ақтөбе облысының Полиция департаментіне 93-61-00, 93-62-25, 7-776-546-66-66 телефондары бойынша хабарласуды сұраймыз",– делінген хабарламада.