Астанада өтіп жатқан халықаралық турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

Бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр

Астанада бокстан "Elorda Cup" халықаралық турнирінің ақтық сыны өтіп жатыр.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте қос жерлесіміз -  Сәкен Бекбосынов пен Кенже Мұратұлы қолғап түйістірді. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен Бибосынов сенімді жеңіске жетті. Есеп — 5: 0.

Сәкен Бибосынов 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал 2021 жылы әлем чемпионы атанды.

Айта кетсек, бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.