Отпен күрескен өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде ауыздықтады.
Абай облысындағы асфальт зауытында өрт шығып, 10 тонна битум жанып кетті
824
оқылды

Абай облысындағы асфальт зауытында өрт шығып, 10 тонна битум жанып кетті.

 

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 шілде күні «101» пультіне Ақсуат ауданы Шыбынды ауылында орналасқан асфальт зауытында өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Құтқарушылар сол жерге келгенде зауыт аумағында битумды 3 бөшке өртеніп жатты. Отпен күрескен өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде ауыздықтады. Зардап шеккен ешкім жоқ», – делінген ақпаратта.

Өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Тексеру жұмыстары басталды.