Петропавлда тұрғын үй өртенді.
Петропавлда өртенген үйден екі адамның мәйіті табылды
757
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, өрт таңғы сағат 05:00 шамасында Петропавлдағы Сенная көшесі, 3-үйден шыққан. Қала тұрғындары баспананың терезесі мен есіктерінен қою түтін шығып жатқанын айтып хабарласқан. 

«Оқиға орнына Петропавлдағы №3, №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникасы және өрт сөндірудің кезекші ауысымы – жеке құрамнан 14 адам мен 4 арнайы техника жетті. Мамандар барғанша куәгерлер өртті сөндірмек болған. Үйдің кіре берісінде 1969 жылы туған әйелдің, ал 10 минуттан кейін күйік шалған ер адамның мәйіті табылды. Өрт сағат 05:33 минут кеткенде ауыздықталды», – деді СҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бөлім бастығы Әділ Спаен.

Өрттің себебін мамандар анықтап жатыр.