«Қазгидромет» 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ауа райы: бірнеше өңірде аптап ыстық болады
2,342
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Республика бойынша желдің күшейеді. Оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста шаңды дауылмен, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болады.

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.