Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тәртіпке бағынбаған әнші туралы ресми мәлімет таратты.
Төреғали Төреәлінің қамауда отыратын мерзімі тағы 15 күнге ұзартылды
3,433
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлі жолда жүру ережесін сақтамағаны және жол полициясының талабына бағынбағаны үшін қамауда отыр. Оның қамаудағы мерзімі тағы 15 күнге ұзартылды. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазақпаратқа» сілтеме жасап хабарлайды. 

Соттың мәліметінше, А. есімді азамат (Төреғали Төреәлінің тегі құжат бойынша Алиханов – авт.) 14 маусым күні Алматы көшелерінде көлік жүргізіп келе жатып, тұтас қос жолақты жол белгісі бар жерде бұрылған және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған.

Осыған байланысты ол ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 596-бабы 3-бөлігі (жол белгілерінің тұтас сызығынан бұрылу) және 667-бабы 1-бөлігі (полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін) бойынша қосымша жауапкершілікке тартылды. 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 6 (алты) ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz