Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 2017 жылы туған кішкентай қызы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Алматы облысында мопедке мінген әкелі-балалы жантүршігерлік жол апатына түсті
1,078
оқылды
2 шілдеде Қарасай ауданы Жібек жолы ауылында сағат 21:00 шамасында қайғылы оқиға орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 1981 жылғы ер адам ауыл көшелерінің бірінде мотоцикл жүргізіп келе жатып, рөлге ие бола алмай ғимараттың қоршауына соғылған.

"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 2017 жылы туған кішкентай қызы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, дегенмен онда қыз бала есін жимастан көз жұмды", – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді.