Жол-көлік оқиғасы фактісін Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы тексеретін болады, оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.
Алматыда әжесі мен немересін көлік қағып кетті
1,210
оқылды

BMW автокөлігінің жүргізушісі Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, белгіленген жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

"Жаяу жүргіншілерге соғылмас үшін жүргізуші қарсы жолаққа шығып, тұрақта тұрған KIA маркалы көлікке соқтығысқан. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы фактісін Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы тексеретін болады, оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.