Орал қаласында 1З жастағы қызды зорлады деген күдікпен 5 адам қамауға алынды.
Оралда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен бесінші адам ұсталды
1,120
оқылды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қызды 9 және 10-сынып оқушылары мен студент қорлаған.

6-сыныпта оқитын қызының үйге келмегеніне алаңдаған анасы полицияға хабарласқан.

AstanaTV-ның мәліметінше, жоғалған қыз бір күннен кейін жалдамалы пәтерден табылды. Айтуынша, оған жалдамалы пәтерде зәбір көрсеткен. Күдіктілер сол сәтте қамауға алынды. Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Виктор Котельников: «Қыз бала жасөспірімдердің біреуін ғана танитынын айтты. Моның сөзіне еріп пәтерге барған. Сол кезде ішімдікке масайған жігіттер оны зорлапты. Жәбірленушінің ішімдік ішпегенін анықтадық. Күдіктілер бұған дейін ұрлық пен тонау секілді қылмыс жасағаны үшін істі болған. Біреуі тіпті үш рет сотталған. Олар айыпталған бап бойынша 20 жылға соттау жазасы қарастырылған», – дейді.