Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтаған сәтте қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады.
Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.
Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды.
ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.
24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.