Әкесі мен баласы Бурабай көлінде SUP тақтасынан аударылып кеткен.
Бурабай көлінде екі шетелдік құтқарылды
970
оқылды

Бурабай көлінде дауыл көтеріліп, Екатеринбургтен келген әкесі мен ұлы суға батып кете жаздады. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әкесі мен баласы Бурабай көлінде SUP тақтасынан аударылып кеткен. Туристерді жергілікті құтқарушылар құтқарып, жағаға жеткізді.

Кеше көлде кенеттен дауыл көтеріліп, үлкен толқындардың салдарынан екі адам мінген тақта аударылып кеткен. Екі турист құтқару кеудешелерінің арқасында аман қалды. Бірақ жоғары толқындар олардың тақтаға қайта көтерілуіне мүмкіндік бермеді. 10 жасар ұлын толқын алып кетпеу үшін әкесі тақтайдан мықтап ұстап тұрған. Осы сәтте көлді көзбен шолып тексеру кезінде құтқарушылар жағдайды байқап, көмекке асыққан.

«Біз құтқарылғандарды жағаға шығардық. Бала қатты қорқып кетті, біз оған психологиялық көмек көрсеттік және 15 минуттан кейін ол есін жиды. Көмек көрсеткен соң су айдынын тағы айналып өттік. Өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, дауыл мен толқынға қарамастан, адамдар катамарандармен жүзуді жалғастырған. Біз төтенше жағдайларды болдырмау үшін барлық демалушыларды жағаға қайтардық», – деді Бурабай құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Андрей Жуков.