Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев Сейсмология институтының жұмыс барысымен танысуға арнайы келді.
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Сейсмология институты қызметкерлерімен кездесті
839
оқылды

Депутатпен бірге партияның қала белсенділері – Алматы қаласы  «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Жандос Нұрланов, қалалық мәслихат депутаттары Мұхтар Зулеев, Ренат Сейдраманов көш бастап келді.

Жиын барсында Сейсмология институтының директоры Дәулет Сәрсенбаев қонақтарды сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы институттың ғылыми қызметімен таныстырды. Ол өз сөзінде инситутта жүргізілетін лабораториялық зерттеулердің негізі экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Айталық, әртүрлі болжамдық параметрлерді талдау негізінде гидрогеологиялық стансалардан алынатын талдау негізінде судың құрамының сапасын анықтауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ геофизикалық бақылаулар, жер қыртысының қозғалысын бақылау, геофизикалық өрістердің параметрлерін зерттеулер арқылы экологиялық өзгерістерді байқауға болады.

Жер сілкінісінің табиғатын зерттеу  үшін сейсмологиялық бақылау желісін кеңейту аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр.  Еліміздің аумағында сейсмикалық стансаларды көбейтудің қажеттілігі туындап отырғанын депуттатарға жолдады.

«Менің  көзқарасымда Сіз айтып отырған ЖЭО-2 жоғары күлді көмірмен жағуды газға көшіруде біздің сейсмолгия институтының әлеуетін пайдаланудың қажеттігін айтар еді. Айта кетейік, бізде ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігіне баға беретін зертхана сертификат алған. Олар қала нысандарын паспорттау жұмысына сарапшы ретінде қатыса алады», – деп атап өтті.  

«Бұл ұжым маған бұрыннан да жақсы таныс. "АMANAT" партиясының Жол картасы бойынша менің жеке жауапкершілігімде ЖЭО-2 газбен жылытуға көшіру, елімізде 2 млрд ағаш отырғызу арқылы экологияны жақсартуға атсалысу. Күн сайын 65 тонна көмір жанып кетеді. ЖЭО газға ауыстырылған кезде ауаға тарайтын токсикалық қалдықтар 15 есеге азаяды. Мен сөзімді жақсы ақпараттармен бастап отырмын.  Парламент экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті мәселелерімен айналысады. Біз үш министрлікпен, Энергетика министрлігімен, ТЖМ, Экология министрлігімен жұмыс істейміз. Біздер осындай экологиялық мәселелерде заң қабылдауға тікелей қатысамыз. Менің осы мақсатта сейсмолотгерге көптеген сұрақ бар. Соның бірі қаладағы қолданыстағы ғимараттар мен салынып жатқан құрылыстардың жер сілкінісіне төзімділігін бағалау және паспорттау сарапшысы ретінде қатыса алады ма?  Өйткені сейсмикалық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда қала нысандарының жер сілкінісіне төзімді болуы тікелей Институттың сейсмикалық қаупін анықтайтын сейсмологиялық бақылауларға тікелей байланысты. Әрине, бұл мәселеде біз өз тарапымыздан жоғарыға ұсынамыз, – деп атап өтті  Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев.