5 шілде күні Алжир мемлекеті тәуелсіздігінің 61 жылдығын атап өтті.
Алжир елшілігі қазақ жерінде Тәуелсіздік күнін атап өтті
1,849
оқылды

Қазақстандағы Алжир мемлекетінің елшілігі аталған мерекеге орай іс-шара ұйымдастырды. Жиынға елшілік қызметкерлерімен қатар дипломаттар, журналистер қатысты.

Салтанатты мерекеде сөз алған елші Камал Финиш мырза 1962 жылдың 5 шілдесінде француз отарлауынан құтылып, тәуелсіздікті жариялау оңай жолмен келмегенін айтты.

– Қазақстан тәуелсіздік алу жолында талай қиындықты бастан кешіргенін білеміз. Алжир елі де дәл сондай қиындықтан өтіп, өз ұлтын, өз жерін сақтай алды.

Француз Қарулы Күштері Алжир жеріне 1830 жылдың 14  шілдесінде кірді, батыр Алжир халқының күн сайын бастан кешкен қысымы мен қорлығы басталған бұл күнді біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз миллиондаған алжирлік батырлардың құрбан болу арқылы жеткен тәуелсіздіктің қадірін жіті түсінеміз, – деді елші мырза.

Естеріңізге сала кетейік, 1962 жылдың 5 шілдесінде Алжир тәуелсіздігін жариялап, Ахмад Бен Билла елдің тұңғыш президенті атанды.