1 қыркүйектен бастап мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндетті болады.
Мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндеттелді
1,739
оқылды

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.

Енді "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысық пен итке чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндеттелді.

Ал үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, алақоржын немесе мини-пигтерді есепке алу ерікті негізде жүргізіледі.

Қазақстандықтар үшін электрондық жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу – тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иесі өз қалтасынан ақша төлеуі тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болмақ.

фото: moizver.com