Бұл туралы продюсер Даут Шайхисламов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бүгін кешке Астана аспанында шоу көрсетілмек
2,697
оқылды

Продюсер Даут Шайхисламов instagram парақшасында астаналықтарды қала күнімен құттықтап, қандай бағдарлама ұйымдастырғаны жайында сөз етті. 

«Туған күніңмен, Астана! 

Елорда әкімдігінің қолдауымен, шығармашылық топ, кәсіби ұшқыштар және анимациялық суретшілермен бірге астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік тосынсый әзірледік.  Бұл нағыз әуедегі сиқыр болмақ!

Дрон-шоу – әсерлі қойылым, заманауи өнер мен технологиялардың бірлесуі. Баршаңызға мереке құтты болсын! Бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Бүгін кешке Тәуелсіздік даңғылындағы «Қазақ елі» алаңында күтеміз», – деп жазған ол.

Қала әкімдігінің ресми сайтында көрсетілгендей, шоу сағат 22:30-да басталады. 500 дрон түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары мен басқа да кескіндерді суреттейді. Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Айта кетсек, 1998 жылы 6 мамырда атауы ресми түрде Астана болып өзгерген елордамызға биыл – 25 жыл.