Полицейлер ауыл тұрғынынан 4,8 мыңнан астам қарасора бұтасын тәркілегенін атады.
Абай облысында бақшасында есірткі өсірген азамат ұсталды
2,110
оқылды

Абай облысының жергілікті тұрғыны өз үйінің бақшасында есірткілік шөптерді өсіргені анықталды. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

"22 маусымда "Қарасора-2023" арнайы іс-шарасын өткізу барысында Абай облысының полиция қызметкерлері Бесқарағай ауданында есірткі заттарын заңсыз өсіру дерегін анықтады. "Старая Крепость" ауылында полиция қызметкерлері қоршалған арнайы плантацияны тапты. Тексеру барысында 39 жастағы көкөніс бақшасының иесін анықтады. Қазір тексеру бойынша тиісті жайттар анықталуда", – деп жазылған өңірлік ПД таратқан ақпаратта.

фото: egemen.kz