Ол 2 000 000 теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды.
"Қазпошта" директорының орынбасары пара алғаны үшін сотталды
960
оқылды

Павлодар қаласының қылмыстық істер бойынша №2 соты "Қазпошта" АҚ облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты үкім шығарды. Ол ірі көлемде пара алғаны (ҚК 366-бабы, 2-бөлімі) үшін айыпты деп танылды, – деп хабарлайды inbusiness.kz соттың баспасөз қызметі.

"Биыл қаңтарда "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының өндіріс бойынша орынбасары Ж. заңсыз баю мақсатында мердігер компания өкіліне "Қазпошта" АҚ ФПБ автокөлік басқармасының аумағында автомобиль боксының шатырын жөндеу жұмысын кедергісіз қабылдау үшін ақшалай сыйақы беруді ұсынған. Содан кейін Ж. 2 000 000 теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. Прокурор Ж.-ны 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы жеңілдететін жағдайларды ескеруді өтінді. Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, ақтауды сұрады. Заңда қылмысты айыппұл немесе бас бостандығынан айыру сынды жазаның балама түрлерімен өтеу де қарастырылған. Кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, ауырлататын жағдайлардың болмауына, кішкентай балалары бар екенін, 3 топтағы мүгедектігін, қылмыстық құқықбұзушылықпен бірінші рет айыпталғанын ескере отырып сот Ж.-ны 3 жылға бас бостандығынан айырды", – делінген хабарламада.