Келіншек үйіне оралмаған.
Ағасына SMS жазып, жоғалып кеткен келіншек табылмай жатыр
18,583
оқылды

Vita еріктілер тобы кешеден бері 1998 жылы туған Әсем Тайлақованы іздеп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Еріктілердің айтуынша, бірінші келіншектің күйеуі дабыл қаққан. 

«Қазір екеуі ажырасып жатыр.  Әйел адам кеше түске таяу кетіп, ағасына «Кешіріңіз, мен суға батып кетемін...» деген SMS жолдаған. Сол сәттен бастап Әсемді ешкім көрмеген. Ол жұмысқа шықпаған. Үйіне де оралмады», – дейді еріктілер. 

 

Бүгін іздестіру кезінде әйелді бейнебақылау камерасынан көріп қалған. Ол Ж. Мұса көшесі, 7Б мекенжайы бойынша орналасқан үйдің кіреберісінен шыққан. Әрі қарай Minimarket жанынан өтіп, облыстық балалар ауруханасына қарай бет алған. 

Егер Әсемді көрген-білгендер болса, еріктілер мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана).

Фото: pavlodarnews.kz