Алматы облысы Кеген ауданында сел жолды бұзды.
Алматы облысында сел жолды бұзды
2,664
оқылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, табиғи апат кеше кешке қарай болған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сағат 18.35-те Алматы облысы ТЖД-нің кезекші бөліміне Кеген ауданында сел жүрді. Жауын салдарынан Саты ауылынан екі шақырым жердегі Саты сай шатқалында жергілікті маңызы бар автожолжын су шайғаны туралы хабар келіп түскен.

Салдарынан жолға зақым келді. Ұзындығы 300 метр жол опырылған. Дегенмен жолмен өтуге мүмкіндік бар. Жол қызметі ескерту белгілерін қойып, СМС-хабарлама таратты. 

Шатқалда елді мекен жоқ, халық тұрмайды. Зардап шеккендер жоқ. Жол комиссия зерттеу жүргізгеннен кейін жөнделеді. 

Оқиға орнына департаменттің 3 қызметкері мен 1 техника, «Қазселден қорғау» мекемесінің 2 жұмысшысы мен 1 техникасы, әкімдіктің 3 жұмысшысы мен 1 техникасы барды. Қазір қауіп сейілді.

Фото: ТЖД