Каспий маңындағы өрт ошағын анықтау үшін тікұшақпен әуеге көтерілді

Бүгін әуеден тікұшақпен барлау жасады.

Атырау тұрғындары түтінге тұншыққан соң, өрт ошағын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізілді. Бұл туралы Aikyn.kz Атырау облысы ТЖД-на сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандар «Қазавиақұтқарудың» МИ-8 тікұшағымен әуеден барлау жасады.

Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник А.Ержановтың басшылығымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құралған комиссия мүшелері (3 адам) Каспий теңізінің жағалауында 15 шақырым радиуста аэровизуалды тексеру жүргізді.

Барлау нәтижесінде, Каспий теңізінің жағалауында 5 га аумақта бес өрт ошағы анықталды. Түтін теңіз маңында болғандықтан, елді мекендерге  қауіп жоқ. Сағат 05.40-та Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары қамыс өртін сөндіру үшін жолға шықты. 08 сағат 30 минутта күштер мен құралдар қаладан 30 шақырым қашықтыққа Кеңөзек елді мекені аумағына жетті.

Қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Ақ Жайық» МТР 55 қызметкері, 13 бірлік техникасы, 2 бірлік мотопомпа және «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Өртті сөндіріп жатыр.