МАЭК жөндеу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Маңғыстауда энергоблок тағы да істен шықты
2,076
оқылды

Кеше «МАЭК» ЖШС  ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмысы аяқталып, сағат 05.51-де энергоблок жұмысқа қосылды. Бұл туралы Aikyn.kz «МАЭК» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жөндеу жұмысы сапалы жасалғанымен,  6 шілде күні сағат 17.33-те ЖЭС-та №1 энергоблок тағы да мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Қазір  ЖЭС персоналы энергия блогын жөндеуге кірісті. 

Маңғыстау облысының тұрмыстық тұтынушыларын электр тогымен қамтамасыз етуді қолға алды. Елді мекендерде  су бар.  Жөндеу жұмысын  9 шілде сағат 00.00-ге дейін жүргізуге шұғыл өтінім  берілді.

Жөндеу жұмыстарын 8 шілде  00.00-ден кейін бастау жоспарлануда. Себебі энергия блогының қазандығын салқындату үшін 24 сағаттан астам уақыт қажет.

Еске сала кетейік, 03.07.23 ж.сағат 17.31-де ЖЭС-та қазандыққа келіп тұрған токтың  күрт артуына байланысты №1 энергоблоктың  (жүктеме 133 МВт) жұмысы тоқтатылды. 

4 шілдеде сағат 21.50-де № 1 энергоблогы салқындағаннан кейін жөндеу жұмыстары басталды. MAЭК қызметкерлері жөндеп жатыр.

Бұған дейін апатқа байланысты «Өзенмұнайгаздың» бас директоры ақиқатты айтқан болатын.