«Қазгидромет» синоптиктері ауа райы болжамын жариялады.
Екі-үш күнде нөсер жауын жауады
6,388
оқылды

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронт әсер етеді.

Күн күркіреп, бұршақ жауып, жел соғады деп күтіледі. 8 шілдеде солтүстік-шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Барлық кезеңде батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде орталықта өте қатты ыстық болады. 

Ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді деген болжам бар.