Оқыс оқиға қас пен көздің арасында болған.
Шие теруге барған мұғалім қайтыс болды
2,638
оқылды

Алматыда шие теруге барған мұғалім қайтыс болды. Мұғалім жеміс ағашынан құлаған. Сол сәтте жұлыны үзіліп кеткен. Бұл туралы Aikyn.kz Алматы қалалық әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ағаштан құлаған мұғалім Индира Мейрамбекқызы Алматыдағы №149 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 

Басқарманың мәліметінше, мұғалім 5 маусымнан бастап еңбек демалысына шыққан. 6 шілде күні Алатау аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы мұғалімнің қазасын естіртті. Мұғалім 24 шілде күні 52 жасқа толатын еді.

Бұған дейін диплом алуға бара жатқан педагогтер қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.