Жүк көлігіндегі өрт сағат 14.30-да оқшауланды.
БҚО-да жүк көлігі өртеніп кетті
710
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртеніп, жалын құрғақ шөпке ауысты.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 шілде күні Сырым ауданы Тоғанас ауылы тұсында болды.

«Сағат 12.20-да 101 пультіне Самара-Шымкент тасжолы бойында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиғаны барлау барысында Самара-Шымкент тасжолының 320-шақырымында жартылай тіркемесімен ауыр жүк көлігі жанып, жалынның құрғақ шөпке ауысқаны анықталды. Жүк көлігіндегі өрт сағат 14.30-да оқшауланды. Құрғақ шөптің жануын сөндіру жалғасуда, оның аумағы анықталу үстінде. Өрт орнында түрлі мекемелерден 22 адам, 5 техника жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.