Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
ШҚО-да күкірт қышқылын тиеп бара жатқан жүк көлігі аударылды
1,908
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында 23 тонна күкірт қышқылын тиеп бара жатқан жүк көлігі аударылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 7 шілдеде Күршім ауданындағы Ақбұлақ пен Егіндібұлақ ауылдарының арасында болған.

«23 тонна күкірт қышқылы тиелген жүк көлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 20 тоннаға жуық күкірт қышқылы төгілген. Қазіргі уақытта арнайы техниканың көмегімен апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқықтық баға мен кінәлілердің жауапкершілігі заңға сәйкес белгіленеді», – делінген ақпаратта.

Қазір оқиға орнында аудан әкімі мен уәкілетті орган өкілдерінен тұратын комиссия да жұмыс істеп жатыр.