Жағалаудағы қамыс өртінің аумағы ұлғайды.
Каспий маңындағы орман өрті 450 гектарға дейін жайылды
969
оқылды

Атырау облысында Каспий жағалауындағы қамыс өрті 450 гектарға жайылды.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, жағалаудағы қамыс өртінің аумағы ұлғайған.

«Бүгін, 8 шілдеде сағат 13:00-дегі жағдай бойынша қамыстың жану аумағы 450 гектар болды. Оның ішінде 50 гектары жанып жатыр. Қамыс өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 38 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылармен бірге жалынды ауыздықтауға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 28 қызметкер және 9 техника, 4 мотопомпа тартылды», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.