Танымал әнші Kalifarniya шаңырақ көтерді

Kalifarniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев шаңырақ көтерді. Бұл туралы massaget.kz порталы хабарлайды.

Бұл жаңалықты танымал өнер адамдары әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

Өнер иесінің таңдауы Анель есімді қызға түскен. Бұған дейін Анель әншінің бейнеклиптеріне түскен еді. Сондай-ақ, TikTok арқылы да көпшілікке таныс.

Желі қолданушылары жастарға: "Бақытты болыңдар, жас жұбайлар!!!", "Бақытты болсын!", "Табын ауылына +1 келін ба?” деп тілек жаудырды.