Ақтөбелік құтқарушылар төрт адамды аман алып қалды.
Ақтөбеде 4 адам суға кетіп қала жаздады
2,320
оқылды

«8 шілдеде құтқарушылар Ақтөбе қаласының «Тропикана» демалыс базасы аумағында ағыс жағадан алып кеткен азаматтарды іздестірді. Катамаранда 3 адам болған. Құтқарушылар күшімен 14 жастағы екі жасөспірім мен 20 жастағы ер адам құтқарылды», – деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.

Жағаға ораларда құтқарушылар жағадан алыстап кетіп, жете алмай тұрған адамды да құтқарды. Оларға судағы қауіпсіздік туралы түсіндірді.