Өзбекстандағы Наманган қаласының тұрғыны тұрмыстық жанжал кезінде ет шапқымен көрші келіншекке тап беріп, оны аяусыз өлтірді.
Туған қызының көзінше саусақтарын шауып, қинап өлтірген
1,020
оқылды

Көршілер арасындағы шиелініс 12 маусымда басталыпты. Жер дауы кезінде ер адам лом темірмен әйелге қарай тұра жүгіргенде сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар оны тоқтатқан, – деп жазады UzNews.uz Өзбекстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ол кезде 31 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 

Бірнеше күннен кейін көршісі егіз інісімен бірге әйелдің үйіне тағы келеді. Олардың қолында ет шапқы мен пышақ болған. 

Көршісі үйден шыққан бетте ер адам оған шабуыл жасап, бірнеше рет ет шапқымен қарнынан ұрып, содан кейін саусақтарын шауып тастаған. Жантүршігерлік оқиға әйелдің кәмелетке толмаған қызының көз алдында орын алған.

48 жастағы әйел алған жарақаттарынан мерт болды.

Қаскөйге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам қамауға алынды.