Жақында ғана заманауи визит-орталық ретінде қолданысқа берілген тарихи орында енді Сарайшық қалашығы қалпына келтіріледі.
Тарихи Сарайшық қаласы қалпына келтіріледі
2,180
оқылды

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Фейсбук желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

"Сарайшық – біз үшін аса құнды жәдігер. Оны ғылыми тұрғыда зерттеудің жауапкершілігі өз алдына, ал жас буынға және туристерге насихаттау – маңызы жоғары жұмыс.

Сондықтан, бүгінгі таңда қала орнында жоғары деңгейдегі реставрациялық жұмыстар жүргізу қолға алынып отыр. Оның ішіндегі жақын арада жүзеге асырылатын басты жоба – Сарайшықтың кіреберіс қақпасын қалпына келтіру", – деп жазды вице-министр.

Алтын Орданың, Ноғай ордасының және Қазақ хандығының сауда-экономикалық және саяси орталығы болған Сарайшық қаласын зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. 

Баян Жанұзақова